Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы сәл арзандады

Айбын Атабай
pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге арзандап, 496,85 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 497,33 теңге, деп хабарлайды Malim.kz.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 496,61 теңгеден сатып алынады, 498,97 теңгеден сатылады. Еуро 584,77 — 589,37 теңге, ал рубль 6,37 — 6,47 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,04 теңгеден сатып алынады, 73,05 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 494,00 теңгеден сатып алынады, 501,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 581,00 теңге, сату — 591,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 71,59 теңге, сату — 75,83 теңге.

Еске салайық, 23 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,29 теңгеге қымбаттап, 497,33 теңге болды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары