Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы сәл қымбаттады

Айбын Атабай
pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,83 теңгені құрады, бұл бір күнде 1,31 теңгеге қымбаттағанын білдіреді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен ресми доллар бағамы – 498,09 теңге.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбас пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы 497,81 теңге, сату – 501,19 теңге. Астанада долларды орташа сатып алу 495,04 теңге, сату – 502,04 теңге. Шымкенттегі айырбас пунктерінде долларды орташа сатып алу 497,83 теңге, сату – 499,98 теңге.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары