Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы тағы да арзандады

Айбын Атабай
Pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 467,41 теңге болып, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,86 теңге төмендеді.

Қазақстан Ұлттық банкінің 9 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 467,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 465,00 теңгеден сатып алынып, 472,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 532,00–542,00 теңге, ал рубль 5,70–6,00 теңге аралығында.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,74 теңгеден сатып алынып, 469,89 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 533,24–585,48 теңге, ал рубль 5,79–5,92 теңге аралығында.

Шымкентте долларды орта есеппен 467,98 теңгеден сатып алып, 470,02 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 534,00–540,00 теңге аралығында, ал рубльді 5,79–5,87 теңге аралығында айырбастауға болады.

Еске салайық, 8 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 467,98 теңгеге түсіп, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,76 теңге арзандаған еді.



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары