Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 484,78 теңгені құрады. Осылайша ұлттық валюта 2,46 теңгеге нығайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген 8 маусымдағы ресми доллар бағамы 487,44 теңге деңгейінде сақталды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 483,01 теңге болса, сату бағамы 490,01 теңгені құрайды. Еуро 558,04 теңгеден сатып алынып, 568,04 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,30–6,60 теңге аралығында саудалануда.
Ал Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 485,27 теңге, ал сату бағамы 487,43 теңге деңгейінде қалыптасты. Еуроның бағамы 558,95–564,18 теңге аралығында болса, рубль 6,40–6,52 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 485,37 теңгені, ал сату бағамы 487,44 теңгені құрады. Еуро 557,98–564,33 теңге аралығында айырбасталса, рубль бағамы 6,44–6,50 теңге шамасында қалыптасқан.
Айта кетейік, 5 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 487,44 теңгені құрап, бір күнде 2,26 теңгеге қымбаттаған болатын. Ал соңғы сауда нәтижелері теңгенің қайта нығайғанын көрсетіп отыр.