Malim.kz
Экономика

Доллар екінші күн қатарынан арзандап тұр

Айбын Атабай
Depositphotos

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге түсіп, 469,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 470,28 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 533,00 теңге, сату — 543,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,48 теңге, сату — 5,78 теңге.
— юань: сатып алу — 69,00 теңге, сату — 73,69 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,01 теңгеден сатып алынады, 471,00 теңгеден сатылады. Еуро 535,62 — 540,60 теңге, ал рубль 5,65 — 5,78 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,18 теңгеден сатып алынады, 71,66 теңгеден сатылады.



https://kaz.inform.kz/news/birzhada-dollar-eknsh-kun-katarinan-arzandadi-4b753ebb

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары