25 наурызда елдің ірі қалалары — Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль қандай бағаммен сатып алынатыны және сатылатыны белгілі болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам мынандай:
Астанада:
Доллар: сатып алу — 479,94 теңге, сату — 486,83 теңге
Еуро: сатып алу — 552,06 теңге, сату — 561,93 теңге
Рубль: сатып алу — 5,91 теңге, сату — 6,31 теңге
Алматыда:
Доллар: сатып алу — 482,96 теңге, сату — 485,79 теңге
Еуро: сатып алу — 555,08 теңге, сату — 560,55 теңге
Рубль: 5,87 — 6,09 теңге аралығында
Шымкентте:
Доллар: сатып алу — 482,90 теңге, сату — 484,98 теңге
Еуро: сатып алу — 554,96 теңге, сату — 560,88 теңге
Рубль: сатып алу — 5,91 теңге, сату — 6,02 теңге
Ресми бағамдар:
1 доллар — 482,33 теңге
1 еуро — 557,57 теңге
1 рубль — 5,74 теңге
20 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақталған орташа бағамы 482,33 теңге болып, 0,38 теңгеге көтерілді.