Malim.kz
Спорт

Дулат Бекбауов бокстан Азия чемпионатының ¼ финалында

Мәди Саматұлы

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлдімдеуінше, қазақстандық боксшы тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізген. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Фото: ҰОК

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары