Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер:
60 кг: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 кг: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
90 кг: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі
100 кг: Марат Байқамуров
Әйелдер
48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
52 кг: Аружан Ережепова
57 кг: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 кг: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.