Malim.kz
Спорт

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 1-орында тұр

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингідегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді.

Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингінің бірінші сатысында тұр.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.

Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары