Қазақстан құрамасы дзюдодан Испанияның Бенидорм қаласында өтетін European Open халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметіне сәйкес, ұлттық құрама сапына 16 спортшы енді. Олардың қатарында Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева да бар. Ол 2025 жылдан бері алғаш рет татамиге оралмақ.
Ерлер
60 кг Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мейрамбеков
66 кг: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамед Ботабай
73 кг: Бақытжан Әбдірахманов, Дастан Шаяхметов
81 кг: Айғали Қалдыбек
100 кг: Әділет Сапарғалиев
100 кг: Мәди Еділбаев
Әйелдер
48 кг: Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин
57 кг: Ботагөз Әділханова, Іңкәр Төлепбергенова
63 кг: Ханзада Қайратова
Аталған турнир 16-17 мамыр күндері өтеді.