Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 107 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық телевизияның бастауында тұрған ардагер 1958 жылғы 8 наурызда алғашқы эфирді "Кеш жарық!" деген сөзбен ашқан. Осылайша көгілдір экраннан қазақ тілінде алғаш үн қатқан диктор ретінде тарихта қалды.
Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылғы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Алматы телестудиясы ашыларда дикторлық байқауға қатысып, 750 үміткердің арасынан іріктеліп шыққан.
Ол Қазақ телевизиясында 12 жыл еңбек етіп, жаңалықтар мен түрлі бағдарламаларды жүргізді. Қызмет барысында Мұхтар Әуезовтен сұхбат алған. Телевизиядағы жұмысымен қатар балаларға арнап өлеңдер мен ертегілер жазған.
2026 жылғы маусымда отандық журналистика мен телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталды.