Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі. Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ Досжан Жолжақсынов өз ширек финалында ресейлік Егор Сухопаровты жеңді. Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
Кеше турнирдің алғашқы жарыс күнінде 60 келі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола жүлдеге ие болған еді.