Malim.kz
Спорт

Екі рет чемпион атандырған бапкер кетті: "Қайратты" енді кім басқарады?

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетті. Клуб басшылығы оның өтінішін қабылдап, команданы уақытша басқаратын маманды тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

26 қазанда жарияланған ақпаратқа сәйкес, қызметтен кету туралы шешімді Уразбахтиннің өзі қабылдаған. Клуб мәлімдемесінде оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны егжей-тегжейлі түсіндірілмеген.

Рафаэль Уразбахтин "Қайраттың" негізгі командасын 2024 жылғы қыркүйекте тізгіндеді. Сол маусымның өзінде алматылықтарды Қазақстан чемпионы атандырды. Келесі жылы команда оның жетекшілігімен чемпиондық атағын қорғап, ел Суперкубогын иеленді. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. i

2026 жылғы маусымда "Қайрат" Конференция лигасының жалпы кезеңіне шықты. Ал Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, алматылық клубпен екі рет ел чемпионы атанған маманның командадағы жұмысы аяқталды.

Команданы енді кім жаттықтырады?

Бас бапкердің міндетін уақытша атқару Жора Арутюнянға жүктелді. Ол бұған дейін "Қайрат-Жастар" командасын басқарған. Алматылықтар алдағы "Алтайға" қарсы кездесуге осы маманның жетекшілігімен дайындалады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары