Malim.kz
Оқиға

Екі жыл бірге жұмыс істеген әріптесі туған әкесі болып шықты

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Жүк көлігін жүргізетін ер адам екі жыл бойы бір компанияда жұмыс істеген әріптесінің туған әкесі екенін білді. Оған бұл жаңалықты Facebook-тегі достарының тізімінен таныс жүзді көрген асырап алған анасы айтқан, деп Malim.kz тілшісі CBS News-ке⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам өзін басқа отбасы асырап алғанын бала кезінен білген. Туған әкесі туралы білетіні аз еді. Соның бірі – оның алыс жолға жүк таситын жүргізуші екені. Кейде әкесімен жол үстінде кездейсоқ ұшырасып қалуы мүмкін деп ойлаған.

Бір күні анасы ұлының Facebook-тегі достарының арасынан бір адамның суретін көрсетіп, оның туған әкесі екенін айтады. Ұлы суреттегі кісіні бірден таныды. Екеуі бір компанияда екі жылдан бері жүк көлігін жүргізіп жүрген. Ол әріптесіне Facebook арқылы хабарлама жазып, анасының айтқанын жеткізді. Әкесі де осы уақыт бойы өз ұлымен бірге жұмыс істеп жүргенін сонда бір-ақ білді.

Әкесінің айтуынша, кезінде баласын асырап алуға беру туралы шешім қаржы қиындығынан туған. Бұл шешім оған оңай тимеген. Арада жылдар өтіп, ұлымен қайта табысқанда да қалай сөйлесерін бірден білмеген. Екеуі әке мен бала ретінде бір-бірін асықпай танып-білуге келіскен.

Бұл оқиға 2018 жылы АҚШ-тың Висконсин штатындағы Чиппева-Фолс қаласында болған, ал әке мен баланың есімдері – Роберт Дегаро мен Нейтан Бус.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары