Malim.kz
Сұқбат

Екібастұз әкімдігі 126 млн болатын екі учаскені  1 млрд теңгеге сатып алмақ болған

Malim Админ

Павлодар облысының прокуроратурасы мемлекет бюджетінен 1 миллиард теңгеден астам қаржының негізсіз жұмсалуының жолын кесті. Бұл қаражат МАЭС-3 электр станциясын салу үшін жер сатып алуға арналған.

Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда жер үшін құны едәуір жоғары - қалалық жердің бағалары пайдаланылған.

«Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылған.  Учаскенің меншік иелерімен сатып алу туралы келісім жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.

Фото: ашық дереккөзден

Malim Админ
Автордың басқа материалдары