Павлодар облысының Екібастұз қаласында әйел адамның бөлшектелген денесі табылуына байланысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс алаңынан адамның бөлшектелген денесі салынған дорбалар табылған. Оқиға туралы ақпарат полицияға түсіп, одан кейін құқық қорғаушылар тексеруді бастады.
Павлодар облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Павлодар облысында адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп пікір білдірді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қылмыстың себептері анықталуда.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.