Malim.kz
Экономика

Экономиканың тұрақты дамуына не негіз болады?

Айгүл Таңатар
kun.uz

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың даму қарқынына қатысты жаңартылған болжамын жариялады. Жаңаша бағамдауға сәйкес 2026 жылға арналған өсім көрсеткіші төмендейді. Ұйым сарапшыларының бағалауынша, жаһандық экономика биыл шамамен 3 пайызға ғана өседі. Бұған геосаяси шиеленістер, халықаралық саудадағы кедергілер және әлемнің бірқатар өңіріндегі белгісіздік әсер етіп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

ХВҚ баяндамасында Таяу Шығыстағы қақтығыстардың, сауда шектеулерінің және жоғары пайыздық мөлшерлемелердің жаһандық экономикаға қысым жасап отырғаны атап өтілген. Соған қарамастан, еңбек нарығының салыстырмалы тұрақтылығы мен жасанды интеллект саласына тартылып жатқан инвестициялар экономикалық белсенділікті қолдап тұрған негізгі факторлардың бірі ретінде көрсетілген.
Әлемдік өсімнің баяулауы шикізат нарығына, халықаралық инвестиция ағынына және экспортқа тәуелді мемлекеттердің экономикасына әсер етуі мүмкін деп отыр сарапшылар. Қазақстан үшін де сыртқы нарықтағы сұраныс пен негізгі экспорттық өнімдердің бағасы алдағы кезеңде маңызды рөл атқарады.
ХВҚ елдерге мемлекеттік қаржыны ұқыпты басқаруды, инфляциямен күресті жалғастыруды және өнімділікті арттыратын реформаларды жеделдетуді ұсынды. Ұйымның пікірінше, бұл жаһандық экономиканың тұрақты дамуына негіз болмақ.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары