Malim.kz
Құқық

Экс-банкир Ертаев колонияға қайтарылды: ол бұл шешімге шағымдана алмайды

Айбын Атабай
Ашық дереккөз

Сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев апелляциялық сатының оның амнистия бойынша босатылуын жойған қаулысына шағымдана алмайды. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеп Tengrinews.kz хабарлады.

Tengrinews.kz-тің ресми сауалына Жоғарғы соттың берген жауабында айтылғандай, апелляциялық сатының шешімі қайта қарауға жатпайды.

«Ертаевқа қатысты амнистия актісін қолдану туралы бірінші сатыдағы сот шешімін жойған апелляциялық саты қаулысы Қылмыстық-процестік кодекстің 484-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес одан әрі шағымдануға жатпайды», — деп хабарлады Жоғарғы сот.

Аталған бап апелляциялық қаулылардың қайсысын кассациялық тәртіппен шағымдануға болатынын, ал қайсысын болмайтынын айқындайды. Осы баптың 2-бөлігінде апелляциялық сатының әрі қарай шағымдануға жатпайтын қаулыларының жабық тізбесі көрсетілген.

Жоғарғы сотта Ертаевтың мерзімінен бұрын босату туралы өтініші «сотқа түспегені» де айтылды. Бұдан экс-банкирдің мерзімінен бұрын босату жөнінде өтініш бермегенін аңғаруға болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде (ҚАЖК) редакция сауалына жауап ретінде Ертаевтың сот шешімі бойынша мекемеде жазасын өтеп жатқаны ғана хабарланды.

«Сотталған адамның жазасын өтеп жатқан орны туралы оның жақын туыстарына хабарланады», — деп қосты комитетте.

ҚАЖК Ертаевтың жеке ісіндегі мәліметтерді жариялаудан бас тартып, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңға сілтеме жасады.

Жомарт Ертаевтың ісі

2020 жылғы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.

Кейін Ертаев басқа бір қылмыстық іс бойынша да сотталды. Бұл жолы — Bank RBK, Qazaq Banki және Еуразиялық банктен алынған несиелік қаражатты жымқырғаны үшін. Осы іс бойынша сот Ертаевтың төрт сыбайласына да үкім шығарды. Сотталғандар банктерге ірі көлемдегі қаражатты қайтаруға міндеттелді: Bank RBK пайдасына — шамамен 98 миллиард теңге, Qazaq Banki-ге — 46 миллиард теңгеден астам, Еуразиялық банкке — 24 миллиард теңгеден астам.

2021 жылғы наурызда сот бірінші қылмыстық іс бойынша Жомарт Ертаевтың жазасын жеңілдетті. 11 жылдың орнына оған тағайындалды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары