Malim.kz
Оқиға

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Malim Админ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Астанада өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Бекетаев пен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде жымқыру, алаяқтық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері бойынша тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды", – деді Биғайдаров.

Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын. Былтыр Астана соты экс-министрдің қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлаған еді.

Марат Бекетаевқа қатысты не белгілі?

Қазақ мемлекеттік заң институты заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1998). Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (2000).

2022 жылдың қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Фото: gov.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары