Malim.kz
Құқық

Экс-судья Светлана Жолманованы полиция ұстады

Malim Админ

Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Аталған деректі Алматы қаласының полиция департаменті растады.

Полицияның хабарлауынша, айыпталушының үстінен алаяқтық бойынша іс қозғалған.

— Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, С.Жоламанованың алаятық жасағаны туралы алғашқы дерек 2021 жылы шықты. 

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары