Malim.kz
Саясат

Ел үкіметі жаңа құрам бекітілгенге дейін жұмысын жалғастырады

Сабина Асқарқызы
Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, , деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 «Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған жарлықта.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары