Malim.kz
Экономика

Елдегі жалақы туралы мәлімет пайда болды

Malim Админ

Сәуір айында Ұлттық статистика бюросы барлық ірі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақы мөлшерін және орташа мен шағын кәсіпорындардың 30 пайызының мәліметтерін зерттеді. Талдау кезінде барлық үстемақылар, қосымша төлемдер, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары ескерілді.

Жұмысшылар арасында орташа айлық алушылар үлесі:

100.000 теңгеге дейін – 6,1%;
100.001-ден 150.000 теңгеге дейін – 12%;
150.001-ден 300.000 теңгеге дейін – 35,1%;
300.001-ден 600.000 теңгеге дейін – 35,6%;
600.001-ден 900.000 теңгеге дейін – 6,9%;
900.001-ден 1.200.000 теңгеге дейін – 2,1%;
1.200.001-ден 1.500.000 теңгеге дейін – 1%;
1.500.001-ден жоғары – 1,2%

*Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша

Фото: gov.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары