Malim.kz
MALIMet

Елдің солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады

Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ

17 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада күн ала бұлтты болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6…+8 градус, күндіз +23…+25 градус шамасында болады.

Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +12…+14 градус болса, күндіз +25…+27 градусқа дейін жылынады.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16 градус, күндіз +28…+30 градус болады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары