Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open–2026 «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Жартылай финалдық кездесуде ол АҚШ өкілі Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Қиын әрі тартысты матч 1 сағат 40 минутқа созылды.
Енді финалда Рыбакина Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен чемпиондық атақ үшін кортқа шығады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Australian Open турнирінің жұптық разрядының финалына өткен болатын.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы жарыста Қазақстан намысын қорғап жүрген Зангар Нурланұлы жүлделі орындар үшін бәсекесін жалғастырып жатыр.