Malim.kz
Спорт

«Елімай» мен «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінен өте алмады

Арман Қайыпхан
Фото: “Елімай” ФК

Семейлік «Елімай» мен елордалық «Астана» клубтары УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Семейдің «Елімайы» Арменияның «Алашкерт» клубымен өткен қарымта кездесуде қосымша уақытта 2:2 есебімен тең түсті. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, армениялық команда 6:5 есебімен басым түсті.

Ал елордалық «Астана» Албанияның «Динамо Сити» клубына қарсы матчта ойынның бір бөлігін аз құрамда өткізді. Қосымша уақытта қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Осылайша, екі қазақстандық клуб та Конференция лигасындағы жорығын алғашқы іріктеу кезеңінде аяқтады.

Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары Қостанайдың «Тобыл» клубына ауады. Команда 23 және 30 шілдеде Литваның «Паневежис» клубымен кездеседі.

Конференция лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін «Тобыл» үш іріктеу кезеңінен өтуі қажет.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары