Malim.kz
Экономика

Елімізде бензин мен дизель қоры жеткілікті – министрлік

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Елімізде жанар-жағармай тапшылығының туындау қаупі жоқ. Энергетика министрлігі нарықтағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ішкі нарықта жазғы және туристік маусым кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылған», - делінген мәлімдемеде.

Жалпы резерв көлемі 1,1 млн тоннадан асады.

Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы автомобиль бензині, сондай-ақ дизель отынының жеткілікті қоры бар.

Бұған дейін енгізілген мемлекеттік реттеу шаралары өз күшінде қалып отыр:

21 қарашаға дейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша шектеу енгізілген.

автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу қойылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары