Malim.kz
Денсаулық

Елімізде бір жылдың өзінде 43 000-нан астам адамнан қатерлі ісік анықталды

Айбын Атабай
baq.kz

 2025 жылы елде 43 мыңнан астам жаңа онкологиялық науқас тіркелді.

Қазір ел бойынша қатерлі ісікпен өмір сүріп жатқан адамдар саны 246 мыңнан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6% көп. Бұл туралы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында өткен брифингте Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашева мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, науқастар санының өсуі ең әуелі ауруды ерте анықтау көрсеткіштерінің жақсарғанымен байланысты. 2025 жылы елімізде скринингтік бағдарламалар кеңейтіліп, диагностика сапасы артқан.

— Қазір ауруды анықтау деңгейі ғана өсіп қана қойған жоқ, бұл — онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстың да арқасы. Бұл емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік беріп, науқастардың ұзақ әрі сапалы өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады, — деді Айша Молдашева.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары