Malim.kz
Экономика

Елімізде доллар арзандауын жалғастырды

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 5 ақпанда өткен сауда-саттықта доллар бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 495,10 теңге болып, 3,36 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, доллар бағамы соңғы рет мұндай деңгейде 2025 жылдың наурыз айында болған. Ол кезде, 11 наурызда, доллар тіпті 490 теңгеден де төмен түскен еді.

Ұлттық банктің 5 ақпанға белгілеген ресми бағамы – бір доллар үшін 498,65 теңге.

Еске салайық, 4 ақпанда сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 498,65 теңге болып, 4,4 теңгеге төмендеген.

Осылайша, доллар бағамы нарық үшін маңызды саналып, «психологиялық межe» ретінде қабылданатын 500 теңге деңгейінен қайтадан төмен түсті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары