Malim.kz
Экономика

Елімізде доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

6 сәуірде Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қандай деңгейде қалыптасқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 466,33 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 4,07 теңгеге төмендеген.

Айта кетейік, бұл – 2024 жылдың маусым айынан бергі ең төмен деңгей. Сол кезде доллар бағамы 466 теңгеге дейін түскен болатын.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 сәуірге белгіленген ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,46 теңге.

Сондай-ақ, 6 сәуір күні таңертең Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам төмендегідей:

Алматыда:

сатып алу – 462,76 теңге;

сату – 465,22 теңге.

Астанада:

сатып алу – шамамен 463,00 теңге;

сату – 470,00 теңге.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары