Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 14 мамыр күні 1 АҚШ долларының орташа бағамы 474,04 теңгеге жетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Соңғы тәулікте ұлттық валюта әлсіреп, доллар бағамы 6,18 теңгеге өскен.
Айырбастау пункттеріндегі орташа көрсеткіштер де өзгеріске ұшырады. Атап айтқанда:
— доллар: сатып алу бағамы 474–474,5 теңге, сату бағамы 475–476 теңге;
— еуро: сатып алу 553–555 теңге, сату 558–560 теңге;
— рубль: сатып алу 6,30–6,34 теңге, сату 6,36–6,45 теңге.
Сонымен қатар әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне шамамен 106 доллар деңгейінде саудалануда.