Malim.kz
Экономика

Елімізде долларға сұраныс неге күрт өсіп кетті

Берік Дәулетов

Сарапшылар елімізде долларға деген сұраныстың арту себебін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Валютамен сауда-саттық қорытындысы бойынша бір күн бұрын USD 474,73 теңге (+0,67 теңге) деңгейінде жабылды. Оған қоса сауда айтарлықтай белсенді болды. $198,1 млн (+43,1 млн) сатылды.

Шетел валютасына сұраныстың өсуі айдың аяқталуы, қажетті төлемдерді жасау үшін валюта массасын көбірек тұтыну, сондай-ақ инвесторлардың тәуекелден қашуына байланысты болуы мүмкін, – деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Бүгінгі сессияда USD KZT жұбы бір доллар үшін 475,5 теңге деңгейінде саудаланады.

Фото: unsplash.com

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары