Malim.kz
Құқық

Елімізде жол ережелеріне қатаң өзгерістер енгізілді

Айбын Атабай
Depositphotos

10 қарашада жол ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды (мысалы 80-90 шақ/сағ). БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жылдамдық 60-65 шақ/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 шақ/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары.

Боран, тұман, қар, жаңбыр кезінде жол апаттарының алдын алу мақсатында патрульдік көлік ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды: колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады; көлік тізбегіндегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік көлік ілесіп жүру міндетті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары