Malim.kz
Спорт

Еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды

• Сабина Асқарқызы

Шымкент қаласында еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Бүгін салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, іргетасын қалады, деп хабарлайды Malim.kz.

35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар.

Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.

Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл еліміздегі ең үлкен стадион болмақ.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары