Мемлекет басшысы «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Сонымен 2026 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:
▪️АЕК – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге).
▪️Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (2025 жылы да осы көрсеткіш).
▪️Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге).
▪️Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге).
▪️Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Заңның мәтіні жарияланады.