Malim.kz
Білім-ғылым

Еліміздің бас педагогы барша мұғалімді қуантатын жаңалығын хабарлады

Қайсар Қанат
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесіне жасанды интеллектті кезең-кезеңмен енгізу үшін ведомство жанынан арнайы жұмыс тобын құрғанын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысының орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне AI элементтерін енгізу жөніндегі тапсырмасына сай елде кең ауқымды технологиялық жаңғырту басталды.

Жұмыс тобының алғашқы отырысына төрағалық еткен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова отандық IT мамандары мен EdTech саласының сарапшылары ұсынатын жаңа технологиялық шешімдерге ашық екенін атап өтті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алғаш рет қабылданған "Жасанды интеллект туралы" заң еліміздің технологиялық дамуының жаңа кезеңін айқындады. Жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті, білімді әрі жаңашыл ұрпақ қалыптастыру үшін AI технологияларын оқу процесіне сауатты енгізу – біз үшін басым бағыт. Жасанды интеллект мұғалімнің жүктемесін азайтып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін құралға айналуы тиіс", – деді министр.

Жиында жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің бірқатар маңызды аспектілері талқыланды:

Жұмыс тобы аталған бағыттар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды оқу жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге кіріспек.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары