Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып, ұстаздар тарапынан сынға ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында мәлім етті. Басқосуда білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Министрдің айтуынша, бұл жоба мұғалімдерге артық салмақ түсіріп, олардың негізгі жұмысына кедергі келтірген. Сонымен қатар, жобаның заңды негізі мен ресми құжаттары болмаған, сондықтан оны тоқтату туралы шешім қабылданған.
"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.