Malim.kz
Оқиға

Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

"Қазавтожол" көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізілді: 
  
Ақмола облысы:  
 
 - «Астана – Көкшетау - Петропавл» автомобиль жолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);

 - «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);

Павлодар облысы:

 - «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

 Жолды 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары