Malim.kz
Оқиға

Елорда аспанында жойғыш ұшақтар жаттығуы өтеді

Мәди Саматұлы

23-34 қараша күндері Астана қаласы үстінде Қазақстан Қарулы күштері жойғыш авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл іс-шара еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің арнайы түтін шлейфтерін қолдануды көрсетуге арналған оқу-жаттығу ұшулары аясында өткізіледі.

Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтіні хабарланды. Ал қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.

Фото: asker.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары