Malim.kz
Спорт

ELORDA CUP турнирінде еліміздің 14 боксшысы чемпион атанды

Мәди Саматұлы

12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, 6 күнге жалғасқан бәсекеде команда бойынша ТОП-3 орын:

Ерлер:

Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола

Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола

Қытай — 4 алтын, 1 қола

Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Чемпион атанған жерлестеріміз:

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Карим Серкебаев

57 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Талғат Сырымбетов

67 келі. Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Нұрбек Оралбай

92 келі. Сағындық Тоғамбай

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Виктория Графеева

63 келі. Аида Әбікеева

70 келі. Мадина Нұрышева

+81 келі. Елдана Талипова

Сондай-ақ, +92 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев пен 54 келіде жұдырықтасқан Юан Чанг турнирдің ең үздік боксшылары атанды.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары