Malim.kz
Құқық

Елордада жасөспірімді тонаған екі оқушы сотталды

• Мәди Саматұлы

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің мүлкін тонағандарға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала сотының мәлімдеуінше, олар жәбірленушіні ұрып-соғып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін тартып алып, жалпы құны 500 мың теңге материалдық залал келтірген.

Сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Сот айыпталушылардың бірінің қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелетке толғанын ескере отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екінші сотталушы кәмелетке толмаған және залалды өз еркімен өтегендіктен, ол 1 жылға бас бостандығын шектелді.

Фото: egov.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары