Танымал продюсер Мөлдір Мұқан денсаулығына қатысты жазба жариялап, стоматологиялық емханаға барғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасындағы сторисінде емханада түскен суретін бөлісті. Ол күнделікті қарбаластың арасында денсаулыққа көңіл бөлу кейінге қалып қоятынын атап өтті.
"Шабыс деп жүріп денсаулыққа қарамай кетіп жатамыз. Тісім сыздап, емге келдім. Отбасымызбен Алтай дентте емделіп жүргенімізге 8 жылдан асыпты", – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Продюсер тісі ауырған соң дәрігерге қаралғанын жеткізді. Сондай-ақ отбасымен бірге сегіз жылдан астам уақыт бойы бір стоматологиялық емхананың қызметіне жүгінетінін айтты.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер, әнші, актриса және кәсіпкер. Ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де танымал. Екеуінің ортақ бес баласы бар.
Мөлдірдің негізгі мамандығы – экономист. Ол жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Бала кезінен өнерге жақын болып, бауырларымен бірге "Мұқановтар" отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Баян, домбыра және фортепианода ойнайды.
Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, балаларға арналған "ММ" өнер мектебін ашқан. Кейін продюсерлік салаға бет бұрып, әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген.
2025 жылы "Шәй в большом городе" фильмінің продюсері болды. Сондай-ақ "Өтірік", "Өмір сүр қалма елден" әндерін жарыққа шығарды. Сол жылы Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын жариялаған.