Malim.kz
Шоу-бизнес

"Емшіге де, дәрігерге де бардық": Өмірқұл Айниязовтың әйелі ұзақ уақыт перзент сүйе алмағанын айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
stan.kz коллажы

Әнші Өмірқұл Айниязовтың жұбайы Фарида Айниязова ұзақ жылдар бойы бала көтере алмай жүріп, қандай жолдардан өткені туралы ашық айтты. Бұл жайлы ол журналист Гүлжанат Пірімбетке берген сұхбатында бөлісті, деп жазады Skifnews.kz.

Фариданың айтуынша, олар дәрігерлердің көмегіне де жүгінген, емшілерге де барған. Көтере алмай жүрген әйелдерден бөлек, ер адамдарды да қабылдайтын емшілер бар екенін жасырмады.

"Біз де көтертетін емшіге бардық. Мен секілді бала көтере алмай жүргендер көп. Өзі ірі, толықтау ер адам еді. Сол жерде ер адамдарға да, әйелдерге де ем жасайды. Әйелдерді төменгі бөлікке, ер адамдарды жоғары жаққа отырғызып, екі шынтақпен аналық бездерге соққы жасайды. Тіпті "ертең отаға кел" деп те айтады. Саусақпен қатты ұрады, кей сәтте шыдатпайды. Мен өзім шыдамды адаммын, бірақ 5-6 рет қатты соққы жасалған кезде ауырсынып қалдым. Соңғысында мүлде ауыртып жіберген болуы керек. Сол кезде Өмекең шыдай алмай, "болды" деп мені алып кеткен", – деді Фарида.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары