Malim.kz
Білім-ғылым

Ең қысқа ғылыми еңбек. Бұлай да болады екен

Ереке Базарқұл
©Malim Ai

Оқу орындарында тіпті курстық жұмыстың өзін "елу беттен кем болмасын" деп талап етіп жатады. Ал дипломдық жұмыс пен диссертациялардың көлемі одан да көп. Осы орайда malim.kz әлемдегі ең қысқа ғылыми еңбекті іздеп көрді.

Табылған еңбектің қысқалығы таң қалдырады. Қысқа екені сондай, ағылшын тілінде небәрі 27 сөзден тұратын еңбекті тура осы жерде бастан-аяқ оқып кете аласыз.

Сонымен, әлемдегі ең қысқа ғылыми еңбек 1951 жылы Physical Review журналында жарық көріпті. Фридрих Ленц деген ғалым «The Ratio of Proton and Electron Masses» («Протон мен электрон массаларының өзара қатынасы») деген ғылыми мақаласын жариялаған екен. Сурет түрінде берсек, ғылыми еңбектің басы да аяғы да осы:


Бұл ғылыми еңбектің қысқалығы сондай, осы жерде түгел оқып кете аласыз. Сонымен, еңбектің мәтіні:
"Тәжірибелер мәліметтеріне сүйенсең, mp​/me​ немесе протонның массасының электронның массасына қатынасы 1836.12±0.05 құрайды. Бұл мәннің 6π5 математикалық өрнекке ұқсайтыны таң қалдырады: ол да 1836.12-ге тең".

Енді сіз - ең болмаса бір ғылыми еңбекті бастан-аяқ оқығанмын деп айтып жүре аласыз.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары