Кеше футболдан әлем біріншілігінің екінші финалисі анықталғаны белгілі. Әдетте мұндай ауқымдағы спорттық шараларда саяси дау-дамай ілесе жүретіні бар. Бұл жолы да солай болған жайттар аз емес. Тіпті алдыңғы қатарға шығып кетті десе де болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы ретте әлемдік бірқатар ақпарат құралдарына шолу жасай отырып, түсінікті де түсініксіз кей тұстарға мән беріп өтеміз. Кеше түнде Аргентина мен Англия матчынан кейін саяси дау туды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Аргентина құрамасының бірнеше футболшысы жеңістен кейін қолдарына «Las Malvinas son Argentinas» («Мальвин аралдары - Аргентинаныкі») деген баннер ұстап шықты. Бұл Ұлыбританиядағы Фолкленд аралдарына қатысты көптен бергі аумақтық дауды қайта қозғады. Ұлыбритания үкіметі FIFA-дан осы әрекетке баға беруді сұрап, турнирде саяси үндеулерге жол бермеу қажет екенін мәлімдеді. FIFA әзірге ресми шешім шығара қойған жоқ.
UEFA мен FIFA арасындағы текетірес те басылар емес. Әлем чемпионаты кезінде басталған UEFA мен FIFA арасындағы пікірталас жалғасуда. Еуропалық футбол басшылары FIFA кейбір тәртіптік мәселелерде бірізділік танытпай отыр деп санайды. Әсіресе Фоларин Балогунға қатысты бұрынғы шешім әлі де қызу талқылануда. Осы түсінбестік туралы Guardian былай депті: "Сарапшылар бұл тек бір эпизод емес, соңғы жылдары күшейген FIFA мен Еуропа футболының ықпал үшін күресінің көрінісі деп бағалайды".
Еуропалық және халықаралық басылымдар биылғы мундиаль тарихтағы ең саясиланған турнирлердің біріне айналғанын жазуда. VAR даулары, төрешілік, саяси баннерлер, жанкүйерлер акциялары және мемлекеттердің араласуы спорттық нәтижелердің өзін көлеңкеде қалдырды.
Көптеген шолушы «әлем чемпионаты енді тек футбол жарысы емес, жаһандық саясаттың айнасына айналды» деген пікір айтуда.