Malim.kz
Денсаулық

Енді медициналық ұйымдар МӘМС-тегі ақшаның қайда жұмсалғанын жариялауға тиіс

Сұлу Бөлек

Қазақстанда медициналық ұйымдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

21 мамырда Парламент мәжілісінің жалпы отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Құжат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова заң жобасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталғанын айтты. Оған мыналар кіреді:

Депутаттар бірқатар түзету енгізді, оның ішінде:

Міндетті медициналық сақтандыру қоры мен денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық қызметінің ашықтығын арттыру үшін мынадай стандарттар енгізілді:

Заң жобасымен жұмыс істеу

Жұмыс барысында жұмыс тобының 19 отырысы және Комитеттің үш кеңейтілген отырысы өткізіліп, 200-ге жуық түзетулер қаралды.

Қорытынды кестеде 57 қабылданған және 14 қабылданбаған позициялар бар. Заң жобасы Сенат қарауына жіберілді.

Фото: pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары