Malim.kz
Экономика

Энергетика министрі: Биыл Қазақстан 98 млн тонна мұнай өндіреді

Айбын Атабай
Kazinform

Биыл Қазақстан 98 млн тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.

— Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі мен Каспий құбыр консорциумының мұнай инфрақұрылымына соққы жасалуы жағдайын ескере отырып, осы жылы 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, — деді Е. Ақкенженов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары