Malim.kz
Экономика

Энергетика министрі мұнай-газ саласы көрсеткіштерінің төмендеу себебін түсіндірді

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

2026 жылдың 3 айында 3,67 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, Ерлан Ақкенженов мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67 млн тоннаны құрағанын айтып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,9 пайыз болды. 2026 жылға болжам – 15,49 млн тонна болып отыр. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаты 10 млн тоннаны құрайтын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын жеделдету шаралары қабылданып жатыр. Павлодар мұнай өңдеу зауытын 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, Шымкент мұнай өңдеу зауытын 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін, Атырау мұнай өңдеу зауытын 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілу үстінде, - деді ол.

Министрдің дерегінше, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1 пайыз болды.

Министрлік осы жылы полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін арттыру жұмыстарын «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы және КРІ зауытымен бірлесіп жүргізіп жатыр. 2026 жылға болжамы – 580 мың тонна. Мұнай-газ саласы көрсеткіштерінің төмендеуі Каспий құбыр консорциумы мен Теңіздегі жағдайлармен байланысты, - деді ол.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары