Malim.kz
Оқиға

Ер адам дүкеннен арзан сағат сатып алып, оның шынайы құнын білгенде аң-таң болды

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Күнделікті сауда жасауға шыққан ер адам күтпеген жерден қомақты табысқа кенелді. Ол қолданыста болған заттар сатылатын дүкеннен арзан бағаға сағат сатып алып, оның сирек кездесетін құнды бұйым екенін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz UPI басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2015 жылы болған. Ер адам дүкенге гольф жабдықтарын тасуға арналған арба іздеп кірген. Алайда сауда сөрелерін аралап жүріп, небәрі 5,99 доллар тұратын ескі қол сағатын байқайды.

Сырт көзге аса ерекшеленбейтін сағаттың бетінде уақыт өте келе пайда болған тозу белгілері де бар еді. Дегенмен сағат жинаумен әуестенетін ер адам оның құнды бұйым болуы мүмкін екенін бірден аңғарған.

Сатып алған затын мамандарға көрсеткен кезде сағаттың түпнұсқа екені расталды. Бұл 1959 жылы шығарылған Jaeger-LeCoultre Deep Sea Alarm үлгісіндегі швейцариялық сағат болып шықты.

Мұндай сағат әлем бойынша мыңға жуық қана данамен шығарылған. Сондықтан ол коллекционерлер арасында жоғары бағаланады.

Ер адам олжасын сағат жинаушыларға арналған интернет алаңына шығарған. Көп ұзамай сатып алушы табылып, сағат үшін 35 мың доллар ұсынған. Бұған қоса құны 4 мың доллар тұратын тағы бір қол сағатын берген.

Осылайша небәрі 6 долларға сатып алынған бұйым бастапқы бағасынан 5800 еседен астам қымбатқа сатылды.

Күтпеген табыс ер адамның көптен бері жоспарлап жүрген үйлену тойын өткізуіне мүмкіндік берген. Сондай-ақ ол түскен қаражаттың бір бөлігін сағат сатып алған дүкенге қайырымдылық ретінде беруге ниет білдірген.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары