Malim.kz
Саясат

Ерболат Досаев жауапты қызметінен босатылды

Сабина Асқарқызы
Forbes.kz

Алматы қаласының экс-әкімі Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

Аталған құжатта директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биылғы 7 сәуірде қабылданғаны жазылған. Белгілі шенеунік «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне осы жылдың қаңтар айында қосылған болатын.

Сондай-ақ, ол наурыз айының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Президент әкімшілігіндегі лауазымды қызметінен босатылған еді.

Сәуір айының басында Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі құрамынан да шығарылған еді. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары