Malim.kz
Шоу-бизнес

Ерке Есмахан әпкесі Мақпал Жүнісоваға қымбат брендтен ерекше сыйлық сыйлады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Malim.kz коллажы

Танымал әнші Мақпал Жүнісова жаңа жыл қарсаңында өзіне жасалған әсерлі сыйлықты көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесіне қымбат брендтік сөмке тарту еткен – оның өнердегі сіңлісі, танымал әнші Ерке Есмахан. Сыйлықпен бірге жолданған құттықтау хатта Ерке Мақпал Жүнісоваға деген ерекше құрметі мен ыстық ықыласын білдірген.

"Мақпал апай, Жаңа жылыңызбен! Сізді қатты сыйлаймын, құрметтеймін және жақсы көремін. Ізгі ниетпен, Ерке Есмахан", – деп жазылған құттықтауда.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Мақпал Жүнісованың сыйлықты зор қуанышпен қабылдап, жіберген жанға шынайы ризашылығын білдірген сәті анық байқалады. Видео желі қолданушылары арасында жылы пікірлерге толып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары